КАРБОАММОФОС ӨНДІРІСІН ЖОБАЛАУ
А.Т. Сағындықова, Ш.Т. Кошкарбаева, P.A. Abdurazova et al. · ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА · 2025
Мақалада карбоаммофос тыңайтқышын алудың технологиялық сызбасы құрылып, өндіріс толық жазбаланған. Карбоаммофос азотты-фосфорлы күрделі түйіршіктелген тыңайтқыштар түріне жатады. Кешенді тыңайтқыш карбоаммофосты аммоний фосфаты ерітіндісінен және карбамидтен алады. Тыңайтқыштың бұл түрінің құрамындағы амидті азоттың болуы оның агрохимиялық құндылығын арттырып жоғарылатады. Карбамидтің құрамындағы амидті азоттар өсімдіктерге оңай сіңіріледі, аммоний нитратына қарағанда топырақтан аз мөлшерде өсімдікке бөлінеді. Соңғы 10-20 жылда минералдық тыңайтқыштар нарығында әртүрлі құрамды кешенді минералды тыңайтқыштарға, соның ішінде карбоаммофос тыңайтқышына сұраныс қатты жоғарылаған. Сонымен қатар, мақалада карбоаммофос тыңайтқышының физика химиялық қасиеттерінің негіздері келтіріліп, қолданылу аймағы және оның өсімдіктерге әсер ету қасиеттері қарастырылған. Карбоаммофос өндірісінің материалдық балансы есептелген және есептеудегі алынған нәтижелер келтірілген.
Cited by 0 works. doi:10.54251/2616-6429.2025.02.0009nu Open-access PDF