МЕКТЕПТЕ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУДА МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

КЕНЖЕГАЛИЕВА МӨЛДІР ҚАЙРАТҚЫЗЫ, М.Т. Джакыпбекова · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026

Мақалада мектепте көркем шығармаларды оқыту үдерісінде мәнерлеп оқудың тиімді әдістерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу мәселесі қарастырылады. Зерттеу жұмысы 6-сынып білімгерлері арасында ұйымдастырылып, педагогикалық эксперимент әдісі арқылы жүзеге асырылды. Эксперимент барысында білімгерлер эксперименттік және бақылау топтарына бөлініп, мәнерлеп оқудың арнайы іріктелген әдістерінің оқу үдерісіне ықпалы салыстырмалы түрде талданды. Зерттеу мазмұны аясында мәнерлеп оқудың интонациялық, когнитивтік және эмоционалдық компоненттерінің білімгерлердің мәтінді қабылдауына әсері кешенді түрде қарастырылды. Нәтижелер білімгерлердің мәтінді терең түсіну деңгейінің, оқу сапасының және эмоционалдық-экспрессивтік дағдыларының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Сонымен қатар, мәнерлеп оқуға негізделген әдістердің білімгерлердің оқу белсенділігін арттыруға, мәтінмен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні анықталды. Зерттеу қорытындылары мәнерлеп оқудың көркем шығарманы оқытудағы тиімді педагогикалық құрал екенін дәлелдей отырып, оны оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізудің қажеттілігін негіздейді.

Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.20107381

Authors