ДИНАМИКАЛЫҚ-СТОХАСТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ НЕГІЗІНДЕ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ШУ-ТАЛАС БАССЕЙНІН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН МОДЕЛЬДЕУ

I. M. Malkovsky, Л.С. Толеубаева, А. З. Таиров et al. · CyberLeninK (CyberLeninka)

Трансшекаралық Шу-Талас бассейнінде Қазақстан Республикасының сумен қамтамасыз ету жүйесін (СҚЖ) дамыту проблемалары тұжырымдалынған және модельдеудің мақсаттары мен міндеттері айқындалынған. Мақсаттарға жетудің ғылыми әдісі ретінде тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселесін өзіне тән көпөлшемділік, жанжал, белгісіздік қасиеттері бар күрделі жүйе ретінде қарастыратын жүйелік талдау әдістемесі ұсынылған. Жүйелік талдау құралы ретінде күрделі жүйелерді математикалық динамикалық-стохастикалық модельдеу технологиясы қолданылды, бұл белгілі бір уақыт аралығында нақты объектілердің мінез-құлқын имитациялайтын математикалық модельдермен компьютерде есептеу эксперименттерін жүргізудің сандық әдісі. Шу және Талас өзендерінің бассейндерін сумен қамтамасыз ету жүйелерінің хорологиялық құрылымының сипаттамасы, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің логикалық-математикалық сипаттамасы берілген. Қалыптасқан әдіснамалық тәсілдердің әмбебаптығы мен формальды математикалық модельдерді қолданудың арқасында әзірленген әдістеме бейімделу мен масштабталудың жоғары деңгейіне ие. Әдістеме суды пайдалану сценарийлерін бағалау, су пайдаланушылар арасындағы ықтимал мүдделер қақтығысын анықтау, тәуекелдерді талдау және тұрақты су шаруашылығын дамытуды қамтамасыз етуге және өңірлік су қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған келісілген мемлекетаралық шешімдерді негіздеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Cited by 0 works. Open-access PDF

Authors