КӨЛІК ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Нурбакыт A.Н., Альтаева Ж. Ж. · CyberLeninK (CyberLeninka)
Жүк тасымалдарын тиімді ұйымдастыру көлік-логистикалық жүйелердің тұрақты дамуына ықпал ететін және олардың экономикалық нәтижелілігін арттыруда маңызды рөл атқаратын негізгі факторлардың бірі болып саналады. Көлік түрлері арасында жүк ағындарын оңтайлы үлестірудің жеткіліксіз деңгейде жүзеге асырылуы, көлік инфрақұрылымының дамуындағы теңсіздік және тасымалдау процестерін үйлестірудің әлсіздігі жалпы жүк тасымалдау жүйесінің тиімділігіне кері әсерін тигізеді. Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі транзиттік бағыттардың түйіскен аумағында орналасуы көлік түрлері негізінде жүк тасымалдауды ұйымдастыру мәселесінің ғылыми және практикалық маңызын арттыра түседі. Осы мақалада әртүрлі көлік түрлері арқылы жүзеге асырылатын жүк тасымалдау процестерін ұйымдастырудың логистикалық тиімділігін арттыруға бағытталған мәселелер қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты -көлік түрлері бойынша жүзеге асырылатын жүк тасымалдау жүйесінің тиімділік деңгейін талдау және оны жетілдірудің басым бағыттарын анықтау болып табылады. Зерттеу барысында жүк тасымалы көлемінің құрылымы мен өзгеру үрдістерін айқындау үшін статистикалық талдау әдісі, көлік түрлерінің тиімділігін салыстырып бағалау үшін салыстырмалы талдау, сондай-ақ көлік-логистикалық жүйе элементтері арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін жүйелік талдау тәсілдері қолданылды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері жүк тасымалдау жүйесінің тиімділігі көлік түрлері арасындағы өзара үйлесімділікті арттыруға, көлік инфрақұрылымын жетілдіруге және мультимодальды тасымалдау жүйелерін дамытуға тікелей байланысты екенін көрсетті. Ұсынылған бағыттар көлік-логистикалық жүйенің тиімділігін арттыруға және Қазақстанның халықаралық көлік дәліздері арқылы өтетін транзиттік әлеуетін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Cited by 0 works. Open-access PDF