ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҚ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
А. Ыскак, Karina Kazbekova, Г. Н. Дəулеткелді et al. · CyberLeninK (CyberLeninka)
Антропогендік жүктеменің артуы мен климаттың өзгеруі жағдаи ында топырақ ресурстарын ұтымды басқару Қазақстан Республикасының ауыл шаруа-шылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі негізгі факторға аи налуда. Бұл зерттеудің мақсаты – жер қорының құрамы мен паи даланылуын, ауыл шаруашылығы жерлерінің жаи -күи ін, сондаи -ақ топырақтың химиялық ластануын экологиялық реттеу жүи есін талдау. Зерттеу міндеттеріне жерді паи даланудың өңірлік ерекшеліктерін анық-тау, қолданыстағы нормативтік құжаттарды зерделеу, топырақтағы химиялық заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларын (ШРК) талдау, сондаи -ақ отандық нормативтік базаны халықаралық стандарттармен салыстыру кірді. Зерттеудің әдіснамалық негізі салыстырмалы-құқықтық талдау және ресми мемлекеттік дереккөздер материалдарын жалпылау. Жұмыс нәтижесі бои ынша елдің ауыл шаруашылығы жерлерінің негізгі бөлігі (70%-дан астамы) жаи ылымдарды құраи тыны, ал жоғары өнімді егістік алқаптары негізінен солтүстік өңірлерде шоғырланған. Жер ресурстарының мұндаи бөлінісі оларды ұтымды паи далану мен экологиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударуды талап етеді. Қазақстанның нормативтік базасы небәрі 7 химиялық элементті ғана қамтиды, ал бұл ЭЫДҰ мен ТМД елдерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда едәуір төмен. Жұмыстың ғылыми-қолданбалы маңызы өңірлердің биогеохимиялық және аграрлық ерекшеліктерін ескере отырып, нормаланатын ластаушы заттар тізімін кеңеи ту қажеттігінің негізделуінде болып табылады. Алынған нәтижелерді тұрақты жер паи далану стратегияларын әзірлеуде, экологиялық саясатты жетілдіруде және топырақ мониторингі тәжірибесінде паи далануға болады. Зерттеу Қазақстандағы агроэкологиялық қауіпсіздікті дамытуға және топырақты қорғаудың заманауи жүи есін қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Cited by 0 works. Open-access PDF