ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНЫС АУДАРАТЫН ҚҰСТАРДЫҢ ЭКТО- ЖӘНЕ ЭНДОПАРАЗИТТІК ФАУНАСЫНЫҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
УКИБАЕВА ЛАЗЗАТ ОРАЗБАЕВНА, ГАВРИЛОВ А.Э, М Ж Сулейменов · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026
Қоныс аударатын құстар әртүрлі экожүйелер арқылы ұзақ қашықтыққа миграция жасау барысында паразиттер мен инфекциялық агенттердің таралуында маңызды рөл атқарады. Қазақстан аумағы Орталық Азия, Батыс Азия–Африка және Қара теңіз–Жерорта теңізі миграциялық жолдарының қиылысында орналасқандықтан, паразиттік организмдердің таралу аймағы ретінде ерекше маңызға ие. Зерттеу мақсаты – Оңтүстік Қазақстандағы қоныс аударатын құстардың эктo- және эндопаразиттік фаунасын анықтау және олардың қалыптасуына әсер ететін экологиялық факторларды бағалау болды. 2025–2026 жылдары «Шақпақ» құстарды сақиналау орталығында жалпы 320 құс зерттелді. Нәтижесінде эктопаразиттердің таралуы 93,75%, ал эндопаразиттердің таралуы 6,25% құрады. Эндопаразиттер нематодтар мен цестодтармен, ал эктопаразиттер негізінен биттер мен қансорғыш шыбындармен ұсынылды.
Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.20791393