ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТӘУЕКЕЛДІКТЕРІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

Г.Ю. Абдуғалиева, Е. С. Орынғожин, A. N. Konay et al. · CyberLeninK (CyberLeninka)

Қазіргі климаттық өзгерістер мен табиғи-антропогендік факторлардың әсері кезінде өңірлік деңгейде жерді пайдалану тұрақтылығы мен тәуекелдік дәрежесін бағалауды жаңа ғылыми әдістермен жүргізу қажет. Жерді қашықтықтан зондтау өңірлік шаруашылық түрлерінің экологиялық және экономикалық тұрақтылығын бағалаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Қашықтықтан зондтау (Sentinel-2) деректері негізінде Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан (Түлкібас ауданы) облыстары бойынша ауылшаруашылық тәуекелдіктеріне теріс факторлардың (құрғақшылық, топырақтың тұздануы, эрозия, су тапшылығы) әсерін және табиғи-климаттық аймақтардың тұрақтылық көрсеткіштерін (жерді пайдалану тиімділігі, өнімділіктің тұрақтылығы, экожүйелік қызметтерді сақтау) бағалау жүргізілді. Жұмыста NDVI вегетациялық индексінің көпжылдық уақыттық қатарлары талданды, жерді пайдаланудың өзгеру динамикасы және агроландшафттық процестердің кеңістіктік таралуы анықталды. Географиялық ақпараттық жүйелердің (ArcGIS) кеңістіктік деректері өңделді және облыстар бойынша агроэкологиялық қауіптілік аймақтары анықталды. Қашықтықтан зондтау деректері негізінде өңірлердің ауыл шаруашылығының тұрақтылық индексі есептелінді. Алынған нәтижелер жерді ұтымды пайдалану, аграрлық саясатты жоспарлау және климаттық бейімделу стратегияларын әзірлеуде үлкен маңызға ие.

Cited by 0 works. Open-access PDF

Authors