ҮЛКЕН АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ ТҰЩЫБАС ЖӘНЕ ЧЕРНЫШЕВ ШЫҒАНАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
М.А.ЕСЕНОВ, Самбаев Нурлан Серикбаевич, М.Т.КАЛЫМБЕТОВА et al. · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026
Мақалада Үлкен Арал теңізінің Тұщыбас және Чернышев шығанақтарының қазіргі гидрологиялық, морфометриялық және гидрохимиялық жағдайы зерделенген. Зерттеу жұмыстары далалық бақылаулар, гидрохимиялық талдаулар, спутниктік суреттер мен аэровизуалды түсірілімдер нәтижелеріне негізделген. Нәтижелер Көкарал бөгеті арқылы Үлкен Арал теңізіне су жіберу көлемінің қысқаруы және 2021 жылдан бастап толық тоқтатылуы шығанақтардың су режиміне елеулі әсер еткенін көрсетті. Тұщыбас шығанағы толықтай құрғап, сорлы-шөлді ландшафтқа айналған. Чернышев шығанағында су айдынының ауданы мен көлемі айтарлықтай қысқарып, судың тұздылығы 300–308‰ деңгейіне дейін артқан. Гидрохимиялық зерттеулер судың жоғары минералдануын, сілтілілігін және еріген оттегі мөлшерінің төмендігін анықтады. Қалыптасқан қолайсыз гидроэкологиялық жағдайлар су экожүйелерінің деградациясын күшейтіп, артемия шаяны популяциясының күрт азаюына және оның кәсіпшілік маңызының жойылуына әкелді. Зерттеу нәтижелері Үлкен Арал теңізінің қалдық су айдындарын сақтау және олардың экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін су ресурстарын басқару мен гидротехникалық шараларды жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Зерттеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті қаржыландыратын 021-100-159 бюджеттік бағдарламасы «Жануарлар дүниесінің ресурстарын сақтау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі қызметтер» шеңберінде орындалды.
Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.20962606