«МЕН ТІПТІ ӨЗІМ ОЙЛАУҒА ТЫРЫСПАЙМЫН»: ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОЙЛАУЫ МЕН ДЕРБЕСТІГІНЕ ӘСЕРІ

Қуандық Момынғазыұлы Тайболатов, Айгерім Ғабдуллақызы Таңатар, Николай Серикович Кожахметов · CyberLeninK (CyberLeninka)

Генеративті жасанды интеллектінің жылдам таралуы жоғары білім беру ортасын және студенттердің оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәсілін айтарлықтай өзгертіп отыр. Зерттеудің мақсаты – студенттердің білім беру процесінде генеративті жасанды интеллектіні қолдану ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ оның оқу мінез-құлқына, ойлау мен дербестігіне әсерін және академиялық тапсырмаларды орындау стратегияларына әсерін талдау. Зерттеу сапалық тәсіл негізінде, жартылай құрылымдалған сұхбат әдісі арқылы жүргізілді. Зерттеуге әртүрлі мамандықтардан 11 студент қатысты. Алынған деректер тақырыптық талдау арқылы талданды. Зерттеу нәтижелері генеративті жасанды интеллект студенттердің күнделікті оқу тәжірибесінің ажырамас бөлігіне айналғанын көрсетті. ChatGPT және басқа да жасанды интеллект құралдары ақпаратты іздеу, күрделі тақырыптарды түсіну, тапсырмаларды орындау және оқу процесін оңтайландыру үшін белсенді қолданылады. Студенттердің жасанды интеллектпен өзара әрекеттесуінің әртүрлі стратегиялары анықталды, олар көмекші ретінде пайдаланудан бастап академиялық тапсырмаларды орындатуға дейін қолданатыны анықталды. Дегенмен, нәтижелер генеративті жасанды интеллекттің студенттердің когнитивтік көрсеткіштеріне әсер ететінін көрсетті. Көптеген респонденттер дербес ойлаудың төмендеуін, өзіндік тапсырманы орындаудан бұрын, бірден ChatGPT-ге жүгіну әдет болғанын және жасанды интеллект құралдарына біртіндеп тәуелділіктің бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, генеративті жасанды интеллектіні пайдалану біртіндеп студенттердің оқу процесінің күнделікті әдетіне айналып келе жатқаны анықталды. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы дербес ойлауды, ақпаратты сыни талдауды және жоғары білім беруде генеративті жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалануға бағытталған білім беру тәсілдерін әзірлеу қажеттілігінде жатыр.

Cited by 0 works. Open-access PDF

Authors