ҚАЗАҚ-ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ «АНА», «ӘЙЕЛ», «ҚЫЗ БАЛА» ТАҚЫРЫБЫНА ҚАТЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Nergis Biray, А.М. Елубай · CyberLeninK (CyberLeninka)
Бұл мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі «ана», «әйел» және «қыз бала» тақырыптарына қатысты мақал-мәтелдерді кейс технологиясы арқылы оқыту мәселесі қарастырылады. Аталған мақал-мәтелдердің мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары, сондай-ақ олардың халықтың дүниетанымдық ерекшеліктерін бейнелеудегі рөлі талданады. Кейс-стади әдісін қолдану білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға және топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл әдіс оқушылардың сөздік қорын байытып, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге және мәдениаралық коммуникацияны дамытуға мүмкіндік береді. Мақалада қазақ және түрік мақал-мәтелдерін оқыту арқылы білім алушылардың тілдік және мәдени құзыреттілігін қалыптастыру, адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, сондай-ақ олардың ауызша және жазбаша тілдік дағдыларын дамыту жолдары қарастырылады. Теориялық негіздермен қатар, практикалық тапсырмалар мен оқыту стратегиялары ұсынылады.
Cited by 0 works. Open-access PDF