Қазақстан Республикасындағы және көршілес елдердегі туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы

Бекшин Ж. М., А. М. Аскаров, D.E. Kurmangali et al. · CyberLeninK (CyberLeninka)

Бұл мақалада көршілес елдерде және Қазақстан Республикасында туберкулездің таралуына байланысты жаһандық мәселесінің эпидемиологиялық жағдайы қарастырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезбен байланысты сырқаттанушылықты, өлім-жітімді және қаржылық шығындарды азайтуға ұмтылып, оны жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамдарына сәйкес, «Туберкулезге қарсы күресті аяқтау» стратегиясы мен Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде 2030 жылға қарай туберкулез індеті аяқталады деп күтілуде. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырудағы ілгерілеу динамикасын бақылау, проблемалық аймақтарды анықтау және туберкулездің тиімділігін жою бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау қажет. Бүгінгі таңда туберкулез күрделі эпидемиологиялық алғышарттар тарихи қалыптасқан Еуразия елдерінде негізгі жұқпалы аурулардың бірі болып қала береді. Бұл зерттеу 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі аурудың таралу динамикасын талдайды, негізгі қауіп факторларын анықтайды және аурумен сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған кешенді шараларды құрудың маңыздылығын негіздейді. Қазақстан жақын көршілес елдермен (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан) бірге туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі біркелкі емес аймақ болып табылады, бұл әлеуметтік-экономикалық, географиялық және медициналық факторлардың жиынтығымен түсіндіріледі. Туберкулездің таралуына әсер ететін факторлардың бірі Қазақстанның шекаралас аймақтарымен транзиттік елдердегі мигранттар санының артуы болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, экономикалық табыс деңгейі жоғары және медициналық инфрақұрылымы тұрақты дамып келе жатқан Қазақстанға жақын елдерде: Ресей мен Қытайда туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайдың айтарлықтай жақсарғаны байқалады. Сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісіне және тиімді емдеудің қолжетімділігіне қарамастан, Қазақстанда және көршілес елдерде туберкулезбен сырқаттанушылық жоғары деңгейде қалып отыр және алдын алу іс-шараларға кешенді көзқарасты енгізуді, дер кезінде диагностикалауды, емдеудің озық әдістерін қолдануды, халықтың хабардарлығын арттыруды талап етеді. Сондықтан бұл зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстандағы және географиялық жақын елдердегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау болып табылады.

Cited by 0 works. Open-access PDF

Authors