Амбулаториялық медициналық ұйымдар қызметкерлері арасында науқастардың қауіпсіздік мәдениетін бағалау
Kулиев М. M., Исмаилова А. А., Kenesh Oskonbaevich Dzhusupov et al. · CyberLeninK (CyberLeninka)
Зерттеудің мақсаты — амбулаториялық медициналық ұйымдар қызметкерлері арасында науқас қауіпсіздігі мәдениетінің қазіргі жай-күйін бағалау. Әдістері. Зерттеу Астана қаласының үш амбулаториялық ұйымында (n=111) AHRQ халықаралық сауалнамасы негізінде жүргізілді. Деректерді өңдеуде сипаттамалық статистика, орташа мән, стандарттық ауытқу және бір факторлы дисперсиялық талдау (ANOVA) қолданылды. Нәтижелері. Мекемелер арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейі бойынша статистикалық маңызды айырмашылық анықталды (F=4.12, p=0,018). Ең жоғары көрсеткіш Республикалық диагностикалық орталықта тіркелді (4,1 балл), ал мемлекеттік емханада (3,6 балл) жұмыс жүктемесі мен кадр тапшылығына байланысты төмен деңгей байқалды. Қызметкерлер арасында командалық жұмыс жоғары бағаланғанымен, қателіктер туралы ашық хабарлау деңгейі төмен болды. Қорытынды. Науқас қауіпсіздігін арттыру үшін жазалаусыз орта қалыптастыру (Just Culture қағидаты), басшылықтың қолдауын күшейту және клиникалық үдерістерді стандарттау маңызды болып табылады.
Cited by 0 works. Open-access PDF