Түркістан облысындағы туа біткен даму ақауларының құрылымдық ерекшеліктері

А.К. Аязбеков, А.Е. Ошибаева, М.Н. Таубекова et al. · CyberLeninK (CyberLeninka)

Бұл мақалада Түркістан облысында 2020–2024 жылдар аралығында тірі туылған нәрестелер арасында анықталған туа біткен даму ақауларының құрылымдық ерекшеліктері мен олардың динамикасы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты: туа біткен даму ақауларының негізгі түрлерін, жиілік көрсеткіштерін және жылдар бойындағы өзгерістерін талдау арқылы аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау. Халықаралық аурулар жіктемесі (ХАЖ-10) бойынша ақаулар 12 негізгі жүйеге топтастырылып, әрбір жүйе бойынша абсолюттік және салыстырмалы жиіліктер, орташа мәндер, медиана, стандартты ауытқу мен өзгеру коэффициенттері есептелді. Зерттеу нәтижелері бойынша қанайналым жүйесі ақаулары ең жиі тіркелетін патологиялар қатарына кірсе, жыныс мүшелері мен басқа туа біткен даму ақауларының сирек кездесетін ақаулар ретінде анықталды. 2024 жылы жүрек-қантамыр жүйесі мен тірек-қимыл аппараты ақауларының күрт өсуі байқалды, бұл аймақтағы экологиялық және әлеуметтік-биологиялық факторлардың ықпалын көрсетеді. Авторлар туа біткен даму ақауларының құрылымындағы өзгерістерді бағалауға негізделген статистикалық әдістердің тиімділігін дәлелдейді және бұл мәліметтер перинаталдық диагностика мен алдын алу шараларын жетілдіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтеді.

Cited by 0 works. Open-access PDF

Authors