Цифрландыру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының жаңа оқыту формаларына психологиялық бейімделуі

Т.К. Урматова, К.А. Cултанова, С.Р. Есенова et al. · 2026

Қазіргібілім беру жүйесінің цифрландырылуы жағдайында бастауыш сынып оқушылары-ның жаңа оқыту формаларына психологиялық бейімделуі өзекті ғылыми мәселе болып табылады. Қашықтықтанжәне аралас оқыту жағдайында оқу әрекетінің құрылымы, танымдық жүктеме және әлеуметтік өзара әрекеттесу ерекшеліктері өзгереді, бұл оқушылардың эмоционалдық жағдайына, оқу мотивациясына және мінез-құлқына әсер етеді.Зерттеудің мақсаты –бастауыш сынып оқушыларының цифрлық білім беру ортасына психологиялық бейімделу ерекшеліктерін анықтау және оған әсер ететін факторларды айқындау. Зерттеу барысында психодиагностикалық әдістер (Филлипстің мектептік мазасыздық шкаласы, Н.Г. Лусканованың оқу мотивациясын анықтауәдістемесі), сауалнама, бақылау және статистика-лық талдау (Пирсон корреляциясы, Стьюденттің t-критерийі) қолданылды. Зерттеу базасы –2–4 сынып оқушылары (n=86).Цифрлық сауаттылық пен оқу мотивациясы арасында статистикалық маңызды байланыс анықталды(r=0,61; p<0,05), бұл мотивацияның бастауыш сынып оқушыларының цифрлық оқыту формаларына сәтті психологиялық бейімделу процесінде делдал рөлін атқаратынын көрсетеді.Цифрлық білім беру жағдайында жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, цифрлық сауаттылық пен оқу мотивациясы арасында оң байланыс бар, бұл бастауыш сынып оқушыларының цифрлық оқыту формаларына сәтті психологиялық бейімделуінде мотивацияның маңызды рөл атқаратынын айқындайды. Зерттеу қорытындысы бойынша, цифрлық оқыту жағдайында оқушыларғажүйелі психолого-педагогикалық қолдау көрсету қажеттігі анықталды.

Cited by 0 works. doi:10.51889/2959-5967.2026.87.2.015 Open-access PDF

Authors