ҚОРҒАНЫС МЕДИЦИНАСЫ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ҒЫЛЫМИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Ф.В. Ибрагимова · 2026

Мақалада қорғаныс медицинасы тәжірибесінің мәні, оның пайда болу себептері және қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі таралу ерекшеліктері ғылыми-құқықтық тұрғыдан талданады. Зерттеу барысында қорғаныс медицинасының клиникалық шешім қабылдауға әсері, дәрігерлердің құқықтық жауапкершіліктен артық сақтануының деңгейі және оның медициналық көмектің сапасына ықпалы қарастырылады. Сонымен қатар, аталған құбылыстың таралуына әсер ететін құқықтық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және психологиялық факторлар кешенді түрде зерделенеді. Зерттеудің әдіснамалық негізін ғылыми-құқықтық талдау әдістерінің кешені құрайды, қорғаныс медицинасы құбылысының мәнін ашу мақсатында отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге шолу жасалған. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің нормативтік-құқықтық базасына жүргізілген талдау және халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде қорғаныс медицинасының таралу деңгейі бағаланады. Зерттеу нәтижелері қорғаныс медицинасының таралу деңгейін төмендетуге бағытталған құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды жетілдіру қажеттігін негіздеуге мүмкіндік берді.

Cited by 0 works. doi:10.52425/25187252_2026_40_11 Open-access PDF

Authors