Медико-правовые аспекты проблем оборонительной медицины:баланс интересов врача и пациента

Р.Х. Темиргазин, А.М. Иманмадиева · Научный журнал Legalitas · 2026

Мақалада қорғаныс медицинасы медициналық қызмет, құқықтық жауапкершілік және пациент құқықтарын қорғау тоғысындағы өзекті медициналық-құқықтық құбылыс ретінде қарастырылады. Қорғаныс медицинасы дәрігердің кәсіби шешімді тек медициналық қажеттілікке емес, сонымен қатар шағымдардан, сот талаптарынан және жауапкершілікке тартылудан қорғану ниетіне сүйене отырып қабылдауынан көрінеді. Бұл құбылыс бір жағынан артық диагностикалық және емдік шараларды тағайындау арқылы, екінші жағынан күрделі немесе тәуекелі жоғары пациенттерді қабылдаудан бас тарту арқылы байқалады. Мақалада қорғаныс медицинасының оң және теріс нысандары, оның пациент құқықтарына, медициналық көмектің сапасына, дәрігердің құқықтық мәртебесіне, медициналық құжаттамаға және ақпараттандырылған келісім институтына әсері талданады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және қылмыстық заңнамасы аясында дәрігер мен пациент мүдделерінің құқықтық тепе-теңдігін қамтамасыз ету жолдары қарастырылады.

Cited by 0 works. doi:10.48501/3007-6978.2026.47.52.002

Authors

References