ИССЛЕДОВАНИЕ ЭФФЕКТИВНЫХ СПОСОБОВ ПЕРЕДАЧИ ШКОЛЬНИКАМ ЗНАНИЙ ОБ ИСКУССТВЕННОМ ИНТЕЛЛЕКТЕ В РОБОТОТЕХНИКЕ
С.М. Шаганова, Лазат Муктаровна Кыдыралина · «Qazaq Journal of Young Scientist» халықаралық ғылыми журналы · 2026
Бұл мақалада мектеп оқушыларына робототехникада жасанды интеллект элементтерін тиімді үйрету жолдары қарастырылады. Зерттеу барысында қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі маңызды әрі өзекті салалардың бірі - робототехника мазмұны мен жобаларына жасанды интеллектті кіріктірудің теориялық негіздері мен оқыту әдістері талданып, нақты мысалдармен көрсетіледі. Сонымен қатар, білім алушылардың сыни ойлау,алгоритмдік және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөлі айқындалады. Практикалық бөлімде робототехникалық жобалар негізінде датчиктер арқылы деректерді жинау, өңдеу және роботтың дербес шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетіледі.Зерттеу нәтижелері робототехникада жасанды интеллектті жүйелі түрде оқыту оқушылардың цифрлық және инженерлік дағдыларын қалыптастырып, олардың заманауи жаңа технологияларды меңгеруіне және практикалық тұрғыда қолдануына үлкен мүмкіндік беретінін дәлелдейді.
Cited by 0 works. Open-access PDF