ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НОТАРИАТТЫҢ ҚАЗІРГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ж. Ж. Талипова · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2026

Мақалада Қазақстан Республикасындағы нотариат институтының қазіргі даму кезеңіндегі өзекті құқықтық және тәжірибелік мәселелерін кешенді зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі нотариаттың азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды тетігі, сондай ақ даулардың алдын алуға және сот жүктемесін азайтуға ықпал ететін алдын ала сот әділдігі институты ретіндегі рөлінің күшеюімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы нотариат қызметінің қазіргі мәселелерін анықтап, қолданыстағы заңнама мен нотариаттық тәжірибені жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында нормативтік-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік және логикалық талдау әдістері қолданылды. Мақалада атқарушылық жазбаларды жасау кезіндегі «даусыздық» қағидатын қамтамасыз ету мәселелері, нотариаттық қызметті цифрландырудың құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені дамыту, электрондық дәлелдемелерді қамтамасыз ету, нотариустардың кәсіби жауапкершілігі және мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде атқарушылық жазбалардың даусыздық критерийлерін нақтылау, цифрлық нотариаттық қызметтердің қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, нотариаттық цифрлық мұрағатты дамыту және тәртіптік тәжірибені біріздендіру қажеттігі негізделеді. Зерттеудің практикалық маңызы ұсынылған тұжырымдар мен ұсыныстардың нотариаттық қызметті құқықтық реттеуді жетілдіруде, құқық қолдану тәжірибесінде және нотариат саласындағы одан әрі ғылыми зерттеулерде пайдаланылу мүмкіндігімен анықталады. Кілтті сөздер: нотариат, атқарушылық жазба, цифрландыру, Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе, мемлекеттік бақылау, нотариус лицензиясы, ҚР «Нотариат туралы» Заңы.

Cited by 0 works. doi:10.48081/btoulaw3.2026/79-86

Authors