ЗАСУХИ НА ТЕРРИТОРИИ СЕВЕРНОГО И ЗАПАДНОГО КАЗАХСТАНА
Г. Т. Сулейменова, С.Т. Ахметова · Hydrometeorology and ecology · 2023
Бұл мақалада Солтүстік жəне Батыс Қазақстан территориясында орналасқан 10 метеостанциялардың мəліметтері бойынша 1960 жəне 2014 жылдар аралығында жылдың жылы мезгілдеріндегі атмосфералық құрғақшылықтың климаттық жағдайлары қарастырылады. Құрғақшылықтың қарқындылығын сипаттау үшін Д.А. Педь индексі (Sі) қолданылды. Зерттелген аймақта ең көп байқалатыны – əлсіз құрғақшылықтар, ал орташа құрғақшылық сирек кездессе, күшті құрғақшылықтар өте сирек байқалатынын көруге болады. Барлық жерде күшті құрғақшылықтар өте жоғары ауа температурасымен жəне айтарлықтай жауын-шашын тапшылығымен сипатталады. Құрғақшылық жылдар негізінен еліміздің батыс аумағында байқалған.
Cited by 0 works. Open-access PDF