РЕЖИМ ПЫЛЬНЫХ БУРЬ НА ТЕРРИТОРИИ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
Н.У. Бултеков · Hydrometeorology and ecology · 2023
Атырау облысы метеорологиялық станцияларының бақылау материалдары бойынша жел қарастырылды жəне шаңды дауылдардың тəртібі толығымен зерттелді. Жылдық тербелісінде жел жылдамдығының көпжылдық орташа айлық көрсеткіштері көктемде – наурыз жəне сəуір айларында байқалса, маңыздылығы кем екінші максимумы күз айларында байқалады. Солтүстік жəне шығыс құраушылары бар желдің едəуір қайталанушылығы: жазда – солтүстік-батыс, ал қыста – шығыс, оңтүстік-шығыс жəне солтүстік-шығыс бағытынан болады. Атырау метеостанциясында ең жоғарғы көпжылдық орташа шаңды дауылдардың мəні 24 тəулікке тең. Осы құбылыстардың көптеп орын алатын күндері сəуірден қыркүйек айларына дейін байқалады. Шаңды дауылдар болатын күндердің осыған ұқсас таралуы Ганюшкино метеостанциясында да байқалады. Салыстырмалы түрде бірнеше күндер бойы байқалатын шаңды дауылдар Қарабау жəне Жаңа Үштоған метеостанцияларында болып тұратындығы байқалды. Шаңды дауылдардың болуы ұзаққа созылады, негізінен, 1,5 сағаттан бастап одан да ұзақ уақытқа дейін жалғасады. Көбінесе олардың ұзақтығы 5,4...10,4 сағатқа дейін созылады. Ұзақтығы 1 тəуліктен асатын шаңды дауылдар облыстың зерттеліп отырған аймақтарының барлығында да байқалды.
Cited by 0 works. Open-access PDF