Методика районирования территории города Алматы по загрязнению металлами с использованием в качестве тест-объекта сосны обыкновенной
Н.К. Шуленбаева, С.В. Чекалин, О.Е. Лебедева · Hydrometeorology and ecology · 2023
Территорияны ластаушы металдармен экологиялық аудандастыру мақсатында фитохимоиндикациялық зерттеулердің нәтижелерін жалпылау және бағалау принциптері әзірленді. Экологиялық аудандастыру химиялық талдау нәтижелерін картаға түсіру негізінде жүргізілді. 1-ден 11-ге дейін басым және фондық металдар шамадан тыс жинақталған 44 учаске анықталды. төрт немесе одан да көп металдардың жинақталуымен өсімдіктердің физиологиялық күйінің басылу үрдісі болатыны көрсетілді. Металл ластануының жоғарылау ошақтары өнеркәсіптік кәсіпорындардың жанында және ауа ағындарының аэродинамикалық көлеңкелері аймақтарында қалыптасады.
Cited by 0 works.