ДИСПЕРСНЫЙ СОСТАВ ПЕСКОВ И СКАЛЯРНЫЕ ОЦЕНКИ ВЕТРОВОГО ПЕРЕНОСА ИХ МАСС В СЕВЕРНОМ ПРИКАСПИИ

Н.У. Бултеков, Е.Ж. Мүртазин, О.Е. Семенов et al. · Hydrometeorology and ecology · 2023

Атырау облысындағы құм бөлшектерінің дисперсиялық құрамы қарастырылды. Мұндағы көшпелі және жартылай бекінген құмдардың таралуы логарифмдік қарапайым функция бойынша сипатталады. Облыс аумағында кездесетін құмдардың орташа геометриялық өлшемі 110…201 мкм аралығында өзгереді. Жел 58 арқылы тасымалданатын құм массаларының скалярлық бағасы алты метеостанция бойынша 1986 жылдан 2008 жылға дейінгі әрбір айда және жыл сайын алынып отырды. Құм массаларының желмен ең көп тасымалдануы Атырау МС-да (3104 ткм -1 жыл -1), ал ең аз тасымалдануы – Махамбет МС-да (416,7 ткм -1 жыл -1) тіркелген. Жылдық тербелісінде құмдардың тасымалдануының үш түрі байқалған. Бірінші түрінде анық байқалатын екі максимумы бар: бірінші – наурыз – мамыр айларында және екінші – қыркүйекте (Жаңа Үштоған МС). Екінші түрі жылына максимумы үш рет байқалатын Атырау МС-на тиесілі (сәуір, маусым және қыркүйек айларында). Үшінші түріне Ганюшкино, Сағыз және Қарабау метеостанцияларында байқалатын көктемгі және күзгі максимум мен азырақ ұшырасатын жазғы минимум тән.

Cited by 0 works.

Authors