КТ/МРТ КЕСКІНДЕРІН ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ ІСІКТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖҮЙЕСІ
ЗУМГАЛИ ДАУЛЕТ КАНАПИЯУЛЫ, Абдугулова Жанат Капаровна · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026
Медициналық бейнелерді талдау саласында терең оқыту технологияларының қарқынды дамуы ісіктерді ерте анықтау мен жіктеу дәлдігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Бұл мақалада компьютерлік томография (КТ) мен магнитті- резонанстық томография (МРТ) кескіндерін талдау арқылы ісіктерді автоматтандырылған диагностикалаудың интеллектуалды жүйесін құрудың теориялық негіздері қарастырылады. Жұмыста конволюциялық нейрондық желілердің архитектуралық эволюциясы, сегментациялау мен жіктеу тәсілдері, деректер жиынтығын дайындау ерекшеліктері, трансформер негізіндегі модельдердің медициналық бейнелерді талдаудағы рөлі жүйеленеді.
Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.23302741